Дариға Назарбаева Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

0
48

Парламент Сенатының депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстандағы Француз Республикасының елшісі Ф. Мартинэмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Кездесу барысында парламентаралық ынтымақтастықты нығайтудың келешегі талқыға салынды.

ҚР Парламен Сенатындағы Франциямен ынтымақтастық жөніндегі топтың басшысы Дариға Назарбаева «Парламенттік делегацияларға бару тәжірибесін жалғастыру, біздің елдеріміздің заңнамалық органдарының тиісті комитеттері мен аппараттары деңгейінде байланыстар орнату парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа серпін береді деп сенемін», деді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз