Қарағанды әуежайы жабық – ИДМ

0
74
дереккөзден

Қарағанды әуежайы 24 желтоқсаннан бастап қолайсыз ауа-райына байланысты жабық. Бұл туралы ИДМ-нің азаматтық авиация комитеті хабарлайды.

Комитеттің мәліметінше, 24 желтоқсан сағат 11.00-де жаңбырдан кейін ұшу-қону жолағы мұздануы себепті әуежайды жабу туралы шешім қабылданған.

Комитет таратқан ақпарға сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 24 желтоқсаннан бүгінге дейін бірқатар ішкі және халықаралық рейстер тоқтатылды немесе кешіктірілді.

Әуежай қызметінде ұшу-қону жолағында қатқан мұзды жою үшін 11 тонна реагент пайдаланылды. Жағдайды қиындатып тұрған жауын-шашын мен жел.

Жолаушыларға өз әуе компанияларының байланыс нөмірінен рейстердің жай-күйін алдын ала анықтау ұсынылады.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз