Әкімдердің жұмысына көмектесу қажет – Н. Назарбаев

0
111
дереккөзден

11 қыркүйекте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің басшылық құрамымен кездесті . Кездесу барысында Н. Назарбаев Әкімшіліктің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековке сәттілік тілеп, басшылық лауазымға тағайындалған Әсет Исекешовке жаңа қызметте сенім білдірді.

Елбасы жиын соңында елдің экономикалық өсімін және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ісінде Президент Әкімшілігінің басты рөл атқаратынын атап өтіп, оның алдағы кезеңге арналған жұмыстарының негізгі басымдықтарын белгілеп берді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Аппараттың алдында бұған дейін қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын және орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі маңызды міндет тұр. Бүгінде жұмыс ауқымы өңірлік деңгейге ауысқанын ерекше атап өткім келеді және барлық деңгейдегі әкімдердің қызметін үйлестіру, олардың өзара ықпалдаса еңбек етуіне көмектесу қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз