АҚШ-та төтенше жағдай жалғасады

0
143
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп елде жарияланған төтенше жағдайды тағы бір жылға созды. Президент елдегі лаңкестік қауіп әлі де сейілмегенін алға тартып, осындай шешімге келгенін атап өтті. Бұл туралы Ақ үйдің сайтында хабарланады.

“Қанша дегенмен лаңкестік қауіп, төтенше жағдай режимі әлі де сақталуда, мәселені шешу үшін ел билігі 2018 жылдың 14 қыркүйегінен кейін әрекетін жалғастыруы қажет”, – деп хабарлайды Ақ үй.

АҚШ-та төтенше жағдай қатарынан 17 жыл бойы жалғасып келеді. АҚШ билігі төтенше жағдайды 2001 жылдың 14 қыркүйегінде енгізді. Бұған себеп 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте болған ең ірі лаңкестік жарылыс еді. Екі жолаушы ұшағы Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда үйі ғимаратына соғылып, үшіншісі Пентагондағы ғимаратқа құлады, тағы бір ұшақ Пенсильвания штатындағы Шанксвилл қаласының маңына құлаған. Ірі шабуыл мен жарылыс салдарынан 2996 адам қаза тауып, 6000-ға жуығы жарақат алған.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз