Үкіметтің жаңа құрамы жасақталады

0
98

Премьер-министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеті тоқтатылғанын білдіреді.

Конституцияға сәйкес, республика президенті өз бастамасы бойынша Үкіметтің өкілетін тоқтату туралы шешім қабылдауға және оның кез келген мүшесін қызметтен босатуға хақылы.

Конституцияның 44-бабы 3-тармағында президенттің Парламент мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін мәжілістің қарауына песпублика премьер-министрінің кандидатурасын енгізетіні туралы жазылған.

Президент: Парламент мәжілісінің келісімімен премьер-министрді қызметке тағайындайды. Премьер-министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындап, Парламент мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды. Үкімет мүшелерінің антын қабылдап, ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді. Сондай-ақ, Конституцияға сай облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдері актілерінің күшін жояды не қолданылуын толық немесе ішінара тоқтата тұрады.

Мәжілісі депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен республика президентіне республика премьер-министрін тағайындауға келісім береді. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде республика премьер-министрi республика президентiне енгiзедi.

Айта кетсек, Бақытжан Сағынтаев 2,5 жылға жуық Үкіметті басқарды. Ол Үкіметтің отставкаға кету туралы мәлімдемесінде президент алға қойған міндеттерді іске асырудағы үйлесімді атқарылған жұмыс үшін Үкімет мүшелеріне алғыс айтып, барлығына табыс тіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз