Ұлытау облысының әкімі тағайындалды

0
296
Берік Әбдіғалиұлы. Photo: Inform.kz

Қазақтанның орталығындағы жаңадан ашылған Ұлытау облысының әкімі қызметіне Берік Әбдіғалиұлы тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

8 маусымда құрылған Ұлытау облысының әкімшілік орталығы болып Жезқазған қаласы белгіленген. 1997 жылға дейін Қазақстанда Жезқазған облысы болған. Сол жылы аумақтық реформадан кейін Қарағанды облысына қосылған.

50 жастағы Берік Әбдіғалиұлы 2021 жылы қаңтардағы сайлау кезінде “Нұр Отан” партиясының тізімімен мәжіліс депутат болған. Ол өзі туып-өскен Ұлытау ауданының әкімі қызметін екі рет (2010 жылы және 2019-21 жылдары) атқарған. Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, президент әкімшілігінде инспектор қызметтерін істеген.

Наурыз айында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау облысы (орталығы – Жезқазған қаласы), Абай облысы (орталығы – Семей қаласы), Жетісу облысы (орталығы – Талдықорған қаласы) құрылатынын мәлімдеген. Алматы облысының орталығы ретінде Қапшағай қаласы белгіленіп, Қапшағайдың аты Қонаев болып өзгерген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз