Жетісу және Абай облыстарының әкімдері тағайындалды

0
299
Қазақстандағы жаңа аймақ бөлінісі. Photo: Egemen.kz

11 маусымда жаңадан құрылған Абай облысына әкім болып Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысының әкімі қызметіне Бейбіт Исабаев тағайындалды. 

Нұрлан Ұранхаев 1965 жылы Семей қаласында туған. 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының сол кездегі әкімі, шетелге кетіп, Қазақстан билігімен арасы ушыққан Виктор Храпуновтың орынбасары болған. Кейінгі жылдары Нұр-Сұлтан қалалық архитектура және қала құрылысы басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2020 жылы Нұрлан Ұранхаев “20 миллион теңге жымқырды” деген күдікке ілінгені жайлы хабар тараған. Бұл жөнінде Жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мәлімдеген болатын.

Нұрлан Ұранхаевтың Абай облысының әкімі болып тағайындалатыны туралы қауесет мәслихатта дауыс бермей тұрғанда шыққан. Бірақ Ұранхаевтың өзі ол ақпарат жайлы айтудан бас тартқан.

Бейбіт Исабаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев тұсында президент баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Бірнеше елде елші болған. Облыс әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін Сенат депутаты еді.

Қазақстанда жаңадан Абай, Жетісу және Ұлытау облыстары құрылатынынҚасым-Жомарт Тоқаев биыл наурызда хабарлап, 4 мамырда жарлыққа қол қойған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз