Мәжіліс Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мейрам санатынан алып тастауды мақұлдады

0
274
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жастармен кездесуі.

Сәрсенбіде күні мәжіліс депутаттары “Мерекелер туралы заңға” өзгеріс енгізіп, 1 желтоқсанда тойланатын Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мереке тізімінен алып тастауды мақұлдады.

Бұл күн енді “қоғамдық жоғары маңызы бар дата” болады. Бұған қоса, мәжіліс 25 қазан Республика күнін қайтарып, ұлттық мереке статусын берді. Ал 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке статусына түсті.

2011 жылы 10 желтоқсанда парламент “Мерекелер туралы” заңға толықтырулар енгізіп, 1 желтоқсанды Тұңғыш президент күні ретінде атап өтуді мақұлдаған. Депутаттар бұл датаны елдің сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “мемлекет алдындағы еңбегін таныту мақсатында” мемлекеттік мереке деп жариялаған еді.

Ал 1991 жылы 25 қазанда егемендік декларациясы жарияланған күн елде 2009 жылға дейін “Республика күні” ретінде аталып келген еді. Кейін бұл мереке күнтізбеден алынып тасталған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз