Рейсі кешіккен әуекомпанияларға 21 млн теңге айыппұл салынды

0
215
Ұшақ ішіндегі жолаушылар. Photo: Pixabay

Әуе рейстерін кешіктіріп, жолаушылар құқығын бұзғаны үшін “Эйр Астанаға” жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл, SCAT әуекомпаниясына 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Биыл тамыздың үшінші онкүндігінде “Эйр Астана” әуекомпаниясына (құрылымдық бөлімшесі “Fly Arystan” әуекомпаниясы болып табылады) қатысты рейстерді кешіктіру кезінде жолаушылар құқығын бұзғаны үшін 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде қосымша екі айыппұл салынды.

Шілде айынан бастап “Эйр Астана” әуекомпаниясына қатысты жалпы сомасы 6 000 АЕК (18 378 000 тг) алты айыппұл салынды. “SCAT” әуекомпаниясы рейс кідірген кезде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін 1 000 АЕК (3 063 000 тг) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен, аталған кезеңде қазақстандық әуекомпаниялар жеті рет 7 000 АЕК (21 441 000 тг) сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз