“Қазақстан халқына” қорының білім гранты иегерлері анықталды

0
255
Студенттер.

“Қазақстан халқына” қоғамдық қоры қаржыландыратын білім гранттарын 771 талапкер иеленді. Бұл ақпарат қордың сайтында жарияланды. 

“”Қазақстан халқына” қоғамдық қоры білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттарды бөлу жөніндегі тәуелсіз комиссия жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде білім алатын 771 студенттің өтінімін мақұлдады. Сонымен қатар бөлінбеген гранттарды және студенттердің өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы көптеген өтінішін ескере отырып, “Қазақстан халқына” қоры қосымша байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау 2022 жылдың 8-20 қыркүйегі аралығында жүргізіледі”, – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз