Қазақстанда сүт өндірісі азайды

0
369
Photo: Inform.kz

Қазақстанда сиыр саны артып келеді, бірақ сүт өндірісі азайған. Сүт өнімдері бір жылда 25 пайызға қымбаттаған. Бұл жөнінде Energyprom.kz сайты хабарлады. 

Тамыздың басында елде 4,6 млн сиыр тіркелген, бұл былтырғыдан 5,9% көп.

Ең көп сиыр Түркістан облысында: 609,4 мың бас, жылдық өсім 10,7%. Одан кейін Абай (393,9 мың бас, 4,5% өсім) және Батыс Қазақстан (388,9 мың бас, 11,5% өсім) облыстары келеді.

Биыл қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан шаруашылықтары 3,8 млн тонна сүт алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2% артық.

Ең көп сүт алған өңір Түркістан облысы: 492 мың тонна. Одан кейінгі орында Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары: сәйкесінше 382,6 мың және 336,2 мың тонна.

Жеті айдың қорытындысы бойынша, сүт өнімдерінің өндірісі 259 млрд теңгені құраған, бұл былтырғыдан 8,4% аз.

Сүт өнімдерінің ішінде шұбат бірден 49,2%, 1,6 мың тоннаға дейін, сары май және сүтті спредтер (паста) 12,6%, 13,9 мың тоннаға дейін, өңделген сұйық сүт және кілегей өндірісі 9,8%, 324,4 мың тоннаға дейін, балмұздақ 4,4%, 25,5 мың тоннаға дейін, йогурттар 1,8%, 134,8 мың тоннаға дейін төмендеді.

Қымыз өндірісі 18,9%, 900 тоннаға, қатты күйдегі сүт 10,5%, 4,6 мың тоннаға, ірімшік және сүзбе, тонна 0,8%, 21,3 мың тоннаға дейін өсті.

Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер сүт өнімдеріне сұранысты 85% қамтамасыз етіп, импорттаушыларға нарықтың 15%-ын қалдырды. Оның ішінде өңделген сұйық сүт және кілегей сұранысты отандық өндіріс бірден 95,9%-ға, ірімшік пен сүзбеге — 53,7%-ға, қойылтылған сүт және кілегейге — 40,6%-ға, қатты түрдегі сүтке — 23,2%-ға жауып отыр. Балмұздаққа деген сұраныстың да 78,4%-ын, йогурт, ұйытылған сүт және кілегейге деген сұраныстың 84,4%-ын жергілікті кәсіпорындар жауып отыр.

Қазақстанда ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін қыруар істер атқарылуда: мал басы көбейіп, жем-шөп базасы қалыптасып жатыр, бірақ ел әлі күнге дейін өзін сүт өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмай отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Жаңа фермалар санының ұлғаюы республикадағы сүт өңдеу кәсіпорындарының қолда бар қуатын әлі қанағаттандыра алмайды.

Биылғы жылдың тамыз айының қорытындысы бойынша, сүт өнімдерінің құны бір жылда 24,6% қымбаттады. Оның ішінде ішетін сүт 24,6%, консервілеріленген сүт 28,9%, қышқыл сүтөнімдері 26,4% қымбаттады. Ашыған сүт өнімдерінің ішінде йогурт 33,5%, майлылығы 2,5% айран 17,1%, қаймақ 30,4%, майлылығы 5%–9% сүзбе 10,8%, қатты ірімшік 29% қымбаттады.

Өңірлер бойынша бағаның жылдық өсуін ең көп Маңғыстау облысының (бір жылда 34,8%), Шымкент қаласының (28,6%) және Түркістан облысының (27,6%) тұрғындары сезінді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз