Макроннан эволюциялық бастама

0
94
Э. Макрон АҚШ Конгрессінде

Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ-ты ұлтшылдықтан бас тартып, лаңкестік және өзге де қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін ынтымақтастыққа бейілділікті сақтауға шақырды. «Әлемге есікті тарс жапсақ та, жаһанның эволюциясын тоқтата алмаймыз», – дейді Франция басшысы 25 сәуірде АҚШ Конгрессінде сөйлеген сөзінде.

«АҚШ-тың көмегі қажет»

Франция мен АҚШ-ты байланыстыратын ортақ құндылықтардың бар екенін алға тартқан Макрон АҚШ пен Еуропаны ХХІ ғасырда әлемдік тәртіпті бірлесіп қалыптастыруға шақырды. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, жаһандық мәселелерді шешуде әр тарапты қадамдар жасалу қажеттігін алға тартқан Франция басшысы аталған салада жетістікке жету үшін АҚШ-тың көмегі қажеттігін атап өтті. Макронның сөзінше, қазіргі сыни жағдайда БҰҰ мен НАТО сынды ұйымдарды қорғау қажет.

«Иранмен келісімді тәрк етуге болмайды»

Иранның атомдық бағдарламасына қатысты сөз қозғаған Франция президенті Тегеранға ядролық қаруға қол жеткізуге мүмкіндік бермеу қажет. Дегенмен, «Біздің Иранға қатысты саясатымыз Таяу Шығыста кикілжің тудырмауы қажет», – дейді Макрон. АҚШ президентінің Иранмен жасасқан атом бағдарламасы бойынша келісімшартты тәрк етемін деген сесіне Франция президенті келісімшарттан өзіне елеулі бір қажеттілікті алмай, кетуге болмайды, деп пікір білдірді.

Сауда қақтығысы – залал

Макрон жаһандану үдерісінде шекті ұлтшылдық идеясынан бас тарту керек дейді. Ол еркін және әділетті саудаға сенетінін алға тартты. Макронның айтуынша, мемлекеттер арасындағы сауда қақтығыстары жұмыс орындарын жояды, салдарынан орта тап зардап шегеді.

«Бізде В планетасы жоқ»

Макрон сондай-ақ жер-жаһанды қорғаудың қажеттігін, теңіздердің ластануы, атмосфералық ауаға көмірқышқылы көп заттектердің енуі, флора мен фаунаның әртүрлілігінің жойылуы Жерді тып-типыл етеді. «Бізде В планетасы жоқ», – дейді Франция басшысы.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз