Ресей Сирияға жаңа әуе қорғанысы жүйесін жеткізеді

0
76

Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабы Бас операциялық басқармасының төрағасы генерал-полковник Сергей Рудской 14 сәуірде АҚШ, Ұлыбритания және Франция тарапынан Сирияға ұшырылған ракеталық шабуылға қорытынды жасады.

Генерал Сириядағы химиялық қару сақталған үш қойма да ракеталық шабуылдан зардап шеккен жоқ де мәлімдеді. Бұл туралы Euronews хабарлайды.

Сергей Рудской сондай-ақ, зымыран шабуылының тиімділігін бағалап, «Жиналған зымырандардың бөліктері, жарылыстан қалған шұңқырлар мен обьектілердің жойылу сипаттары бізге қорытынды зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, АҚШ, Ұлыбритания және Франция тарапынан ұшырылған 105 зымыранның жиырма екісі ғана тіркелді. Мәскеу Сирияға ұшырылған зымырандардан зерттеу жүргізетін болады. Сонымен қоса Ресей Срияға алдағы уақытта жаңа әуе қорғаныс жүйелерін жеткізеді», деп мәлімдеді.

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Сирияға құлаған екі ракета Мәскеуге жеткізілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз