Мигель Диас-Канель кім?

0
70
Reuters

Кубада 59 жыл ішінде алғаш рет жаңа басшы сайланды. 59 жыл бойы Кастро әулеті басқарып келген Кубада билік тізгіні енді 57 жастағы Мигель Диас-Канельге тиесілі. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы ел басқарып келген Кастро әулетінің орнын басқан жаңа басшы кім?

Мигель Диас-Канель соңғы жылдары Кубадағы Коммунистік партияның ықпалды фигуранттарының бірі болды. Мансап жолын өзінің туған провинциясы Вилья-Кларада бастаған. Инженер мамандығын тәмамдап, әскер қатарында қызмет еткеннен кейін, Диас-Канель партияға қызметке орналасады. Идеологиялық жұмыстар атқарған, 1990 жылдары жергілікті партия бюросын басқарған. 2000 жылдары Канель Ольгин провинциясына қызметке жіберіледі, ал 2003 жылы Саяси бюро құрамына енеді, 2009 жылы Кубаның жоғары білім министрі болып тағайындалады. Бірнеше жылдардан кейін Диас-Канель Министр кабинеті мен Мемлекеттік Кеңесте ел президенті Рауль Кастроның бірінші орынбасары болады.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Мигель Диас-Канельдің тараптастары тұлғалық қаисеттерінен оның қарапайымдылығын айтып, пікір білдіруде. Жергілікті мәдениет орталығының директоры Рамон Сильверио Диас-Канельдің «көшеде велосидпен жүріп, адамдармен қарым-қатынаста ашық болғандығын» айтады. Санта-Клара тұрғындары жаңа мемлекет басшысының тек жақсы қырларын айтып, мадақтауда. Дегенмен, сын айтқандар да кезіккен. Кейбір кубалықтардың пікірінше, Канельдің билікке келуімен Кубаның өмірінде өзгеріс болуы неғайбыл.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз