Елбасы Анкараға ресми сапармен барады

0
51

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаз мезгілінде Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Елбасы алдағы уақыттағы Түркияға сапары барысында екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысады.

19 сәуір ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Түркияға іс-сапары барысында министр Мевлют Чавушоғлумен кездесіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкараға жасайтын сапарының күн тәртібі мен оның аясында қол қоюға ұсынылатын құжаттардың жобаларын жақын арада аяқтауға келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз