Ирак әуе күштері ДАИШ-ты бомбалай бастады

0
88

Ирак әуе күштері Сирия Үкіметімен бірлесіп Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобын бомбалауды бастады. Бұл туралы Би би си орыс тілді агенттігі Ирактың премьер-министрі Хайдер Абадиге сілтеме жасап хабарлады.

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, лаңкестерге қарсы әуе шабуылы Сирия мен Ирак шекарасында болған.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі «Жиһадшыларға жасалған әуе шабуылы Хайдер Абадидің бұйрығымен жүзеге асырылуда. Себебі олар Ирак аумағына қайта қауіп төндіре бастаған», деп мәлімдеді.

Сондай-ақ, Reuters агенттігі Ирак әскері әуе күштері лаңкестерге F-16 жойғыш құралымен шабуыл жасайтынын хабарлады.

ДАИШ лаңкестік ұйымының мүшелері Сирия шекарасындағы шөлді бекеттерді әлі күнге дейін өз бақылауында ұстап келеді.


Еске саламыз, өткен жылы Ирак билігі ДАИШ-қа қарсы әскери операцияны сәтті аяқтағаннан бастап лаңкестік ұйымға мүше болғандарды жазалау уақытының басталғанын жариялаған болатын. Сонымен қоса, кез-келген жерде лаңкестермен соғысуға дайын екенін мәлімдеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз