Нұр-Сұлтан әкімдігінде ауыс-түйіс болды

0
246
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ғимараты.

12 шілдеде Нұр-Сұлтан әкімдігінде бірқатар кадрлық ауыс-түйіс болды. Асхат Оралов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Оралов Асхат Раздықұлы.

Асхат Оралов әр жылдары “Нұр Отан” партиясы жанындағы “Жас Отан” ЖҚ хатшылығында, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің бас маманы болып жұмыс істеген. 2016-2018 жылдары Астана қаласы жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Кейінгі жылдары Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып жұмыс істеген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Әкімдік сайтының мәліметінше, Асхат Оралов әкім орынбасары ретінде әлеуметтік бағыттарға жетекшілік ететін болады.

Алматы ауданының әкімі Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы.

Сонымен қатар Бекмұрзаев Ерлан Орынбасарұлы Алматы ауданының әкімі болып тағайындалды. Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде және т.б. сарапшы болып жұмыс істеген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз