Назарбаев Путинмен кездесті

0
263
Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Photo: Elbasy.kz

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесді. Бұл ақпаратты Elbasy.kz сайты 13 маусымда хабарлады. 

“Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті екі ел арасында қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай бір-біріне жылы лебіздерін жеткізді. Тараптар Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығы тең дәрежедегі диалог негізінде дамып келе жатқанын атап өтті”, – делінген ақпаратта.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратта, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин бір-біріне мықты денсаулық және амандық тілеп, арадағы достық байланыс алдағы уақытта да Қазақстан мен Ресей халықтарының игілігі үшін жалғасын табады деген сенім білдірген. Сондай-ақ Назарбаев Путинді елдің ұлттық мерекесі Ресей күнімен құттықтаған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз