Тоқаев осы аптада Ресей мен Иранға барады

0
208
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге келген сәті. Photo: Akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы апта 17 маусым күні Ресейге, 19 маусымда Иранға барады. Бұл жөнінде Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 
Тоқаев Ресейде Владимир Путиннің шақыруымен Петербор халықаралық экономикалық форумының 25-мерейтойлық жиынына қатысады.
Ол форумның пленарлық отырысына қатысып, бірқатар екіжақты кездесу өткізбек.
Иран президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен Иранға ресми сапармен баратын Қазақстан президенті Тегеранда жоғары деңгейде екіжақты кездесулер өткізіп, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қоймақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз