Білім және ғылым министрлігі екіге бөлінді

0
473
Білім және ғылым министрлігі ғимараты.

Президент Қасым-Жомарт ТоқаевтыңБілім және ғылым министрлігі оқу-ағарту министрлігі және жоғары білім министрлігі болып екіге бөлінді. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Тоқаевтың “Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы” 11 маусымда жарияланған жарлығымен екі министрліктің еншісі бөлінген.

Білім және ғылым министрлігінің “мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктері оқу-ағарту министрлігіне берілген.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, тіл саясаты, ғылым, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді цифрландыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз