Асхат Аймағамбетов оқу-ағарту министрі болып тағайындалды

0
417
Қазақстан оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

Қазақстанда білім және ғылым министрлігі екіге бөлінгеннен кейін оқу-ағарту министрлігіне басшы болып Асхат Аймағамбетов тағайындалды. 

1982 жылы туған Асхат Аймағамбетов 2019 жылдың жазында Білім және ғылым министрі болып бекіген, оған дейін Қарағанды облысы білім басқармасының бастығы, білім және ғылым министрінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Еске салайық, 11 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым министрлігін екіге бөлу туралы жарлыққа қол қойған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз