ОСК: Тоқаевтың ант беру рәсімі 26 қарашада өтеді

0
200
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Akorda.kz

26 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаевтың инаугурациясы өтеді. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы басшысы Нұрлан Әбдіров хабарлады. 

“Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті куәлікті тапсырады. Жаңа сайланған президентінің ант беру рәсімі өтетін күн 2022 жылдың 26 қарашасы болып белгіленді”, – деді сейсенбі күні ОСК төрағасы.

Айта кетейік, 21 қарашада Орталық сайлау комиссиясы елде өткен кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Сайлауда жалпы 11 953 465 Қазақстан азаматы дауыс берген.

Адам саны бойынша дауыс беру көрсеткіші төмендегідей:

  • Қарақат Әбденге – 206 206 адам (2,6 пайыз);
  • Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 адам (2,22 пайыз);
  • Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам (3,42 пайыз);
  • Мерам Қажыкенге – 200 907 адам (2,53 пайыз);
  • Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 6 456 392 адам (81,31 пайыз);
  • Салатная Тұрсынбековаға – 168 731 адам (2,12 пайыз);
  • Бәріне қарсымын графасы: 460 484 адам (5,8 пайыз).

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз