4 ақпанда мәжілістің баспасөз қызметі төменгі палата төрағасы Нұрлан Нығматулинде коронавирусқа қарсы антидене болғандықтан вакцина салдырмайтынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: Мәжілістің екі депутаты коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
“Мәжіліс төрағасына қатысты айтар болсақ, Нұрлан Нығматулин осыған дейін коронавирус инфекциясымен ауырғандықтан, жеткілікті антиденелер бар. Осыған сәйкес, екпе салдыруды қажет ететін медициналық көрсеткіштері жоқ”, – делінген мәжіліс баспасөзі таратқан ақпаратта.
Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева журналистерге ресейлік “Спутник V” вакцинасын алатынын айтқан.
26 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеген.