Парламент президент мерзімін жеті жылға созуды  мақұлдады

0
175
Парламент палаталарының бірлескен отырысы.

16 қыркүйек күні парламенттің бірлескен отырысында Конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістер атап айтқанда, президент мерзімін жеті жылға созуды, Астана атауын қайтаруды және конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімін 8 жылға ұлғайтуды мақұлдады. Осылайша “ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы” заң жобасын қабылдады. Құжат енді президентке қол қоюға жіберіледі.

Парламенттің бірлескен отырысында құжатты таныстырған әділет министрі Қанат Мусин “заң жобасы бес бапқа өзгерістер енгізуді және бір баппен толықтыруды көздейді” деді. Оның айтуынша, президент мерзімін жеті жылға созу туралы өзгеріс президент сайлауына дейін енгізілуі тиіс, әйтпесе президент болып сайланатын адам бес жылдан соң тағы сайлауға түсу құқығына ие болады.

Заң жобасы кейіннен қайта сайлау құқығынсыз ұзақтығы жеті жыл бір президенттік мерзім туралы ережелерді қамтиды. Бұған қоса, Нұр-Сұлтанды Астана атау және Конституциялық сот судьяларының өкілетін сегіз жылға созуды қарастырады.

Депутаттар бірінен соң бірі шығып, заң жобасын мақтап, оны қолдауға үндеді.

Заң жобасы мақұлданғаннан кейін мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өзгерістерді “демократияға қарай нық басу” деп атады. Ол осы өзгерістер арқылы “Тоқаевтың маңайына топтасып, әділетті қоғам құрып, ел байлығының теңдей бөлінуіне жағдай жасап отырмыз” деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз