Парламенттегі үш партияға жыл сайын бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді

0
141
Amanat партиясының мүшелері. Photo: AmanatPartiyasy

Қазақстанда мәжілістегі “Аманат”, “Ақ жол” және “Қазақстан халық партиясын” қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл сайын 8 млрд теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы қаржы министрі – премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев айтты.

Жамаубаев басқарушы “Аманат” партиясына 1 млрд доллар бөлінеді деген ақпаратты терістеді.

“Заңда бекітілген белгілі бір есептеу жүйесі бар. Соған қарап қаражат бөлінеді. Жалпы алғанда үш партияға [жылына] шамамен 8 млрд теңге бөлінеді” деді Ерұлан Жамаубаев.

2022-2024 жылдары республикалық бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруға 8,4 млрд теңге жұмсау көзделген.

2021 жылы қаңтарда болған парламент сайлауының нәтижесінде мәжіліске тіркелген бес партияның үшеуі өткен: “Нұр Отан” (биыл наурызда “Аманат” болып өзгертілді), “Ақ жол” және Қазақстан халық партиясы. Бұлар алдыңғы шақырылымдарда да парламентте болған.

Биыл Қазақстан билігі заңнаманы қайта қарауды ұсынған: партия құру үшін бастама топ өкілдерінің құрамын мыңнан 700-ге дейін қысқартуды, сонымен бірге партияны тіркеу үшін қажет қол санын 20 мыңнан 5 мыңға дейін азайтуды ұсынған. Үкімет сыншылары билікте партияны тіркемеу үшін қолданатын қажет тетіктер жеткілікті деп санайды. 2019 жылдан бері билікті сынап жүрген кемінде бірнеше саяси бірлестік ресми тіркеуден өтуге тырысқан. Оппозиция өкілдері Қазақстан билігі тек өзіне “адал” партияларды ғана тіркейтінін айтады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз