Оралу Білім және ғылым «Болашақ» бағдарламасының түлегіне еңбекпен өтеу мерзімі қысқартылады

«Болашақ» бағдарламасының түлегіне еңбекпен өтеу мерзімі қысқартылады

0
193
Photo: bilimdinews.kz

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозин «Болашақ» бағдарламасын іске асырудағы екі маңызды өзгеріске тоқталды. Олар оқудан кейін еңбекпен өтеу мерзіміне қатысты, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Болашақ бағдарламасының ережесіне сай жоғары оқу орнынан, жұмыс берушіден немесе демеушіден үздік шетелдік университетте оқуға грант болса, бағдарлама екі жаққа ұшып қайтуды, визалық алымдарды, медициналық сақтандыруды, ай сайынғы стипендияны және оқу материалдарын сатып алуға жәрдемақыны өтейтін болады.

“Университет, демеушілер немесе жұмыс беруші тарапынан қосымша қаржыландырылатын стипендиаттар академиялық шығыстарды жабу бөлігінде қалған шығыстар «Болашақ» стипендиясы шеңберінде өтелетін болады. Мұндай түлектер үшін еңбекпен өтеу мерзімі бір жылға қысқартылады. Қазір – республикалық маңызы бар қалаларда бес жыл, басқа өңірлерде үш жыл. Тағы бір маңызды өзгеріс енгізіп жатырмыз. Егер «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін түлек Global Fortune тізіміндегі жетекші компанияға жұмысқа орналасса, онда біз осындай түлектерге компанияда жұмыс істеуге және жұмыс аяқталғаннан кейін өз оқуын еңбекпен өтеу үшін Қазақстанға оралуға мүмкіндік береміз. Әзірге 12 ай қарастырылып отыр, бірақ болашақта осы мерзімді ұзарту мүмкіндігін қаралады”, – дейді Әнуар Жанғозин.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз