Премьер-министр Әлихан Смайылов ресми сапармен БАӘ-ге барды

0
126
фото: Ortcom.kz

19 қыркүйекте, премьер-министр Әлихан Смайылов ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ortcom.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловтың ресми сапары барысында Абу-Даби қаласында БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен, БАӘ премьер-министрінің орынбасары, президент әкімшілігінің министрі шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянмен және елдің іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланған.

Сондай-ақ бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық келісімдерге қол қойылады деп хабарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз