Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленбек 

0
58
фото: Pixabay

«Жастар» ғылыми зерттеу орталығы мен «Отбасы банк» АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі aqparatqogam телеграм арнасына сілтеме жасап.

Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.

Аталмыш зерттеу жұмысына негіз болған «Жастар» ҒЗО арнайы жүргізген сауалнамасындағы «Сіздің ойыңызша, жастар өздерін сенімді сезініп, дамуға қабілетті болу үшін не қажет?» деген сұраққа респонденттердің 40,9% «Өз баспанасы» деп жауап берді.

Несие беру шарттары: бастапқы жарна кемінде 10% болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5%, несие мерзімі 19 жылға дейін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз