Президент Мун Чжэ Инмен кездесті

0
65

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Белгияда өтіп жатқан «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммиті барысында Корея Республикасының президенті Мун Чже Инмен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің хабарламасында «Саммит барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэмен және Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Инмен кездесті», делінген.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемаларды, соның ішінде Корей түбегіндегі жағдайды реттеу мәселелерін талқылады.


Мемлекет басшысы Белгия Республикасына сапары барысында Франция президенті Эмманюэль Макронмен кездескенін хабарлаған болатынбыз.Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынас мәселелерін талқылап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мейлінше өзекті проблемалар жөнінде ашық пікір алмасты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз