Президент Тоқаев Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барып келді

0
53

Президент ҚасымЖомарт Тоқаев 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барды.

Тоқаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары Исламда екінші қасиетті орын саналатын Медина қаласындағы Мұхаммед пайғамбар мешітіне барудан басталды. Қазақстан Президентінің келуіне орай оған ерекше құрмет ретінде Пайғамбар жерленген киелі орынның есігі ашылды.


Одан кейін мемлекет басшысы саммитке қатысты. Ол, саммитке қатысқан елдер арасында ынтымақтастықты нығайту бойынша бірнеше пікір айтты.

«Ең алдымен, бұлсаудаэкономикалық байланыстарды кеңейту. Тауар айналымын айтарлықтай арттыру үшін бізде барлық мүмкіндік бар. Ол үшін өзара сауда номенклатурасын ұлғайту қажет. Мысалы, Қазақстан қысқа мерзімде құны шамамен 400 миллион доллар болатын 100 түрлі тауар экспорттауға дайын», – деді Тоқаев.

Осылайша президент, сауда-экономикалық байналыс, көлік-транзит саласын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігі туралы сөз қозғады. Ол, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін нығайту үшін Ауыл шаруашылығы министрлерінің кездесу тетігін құруды ұсынды.

Бұдан бөлек мемлекет басшысы, іс-сапар барысында Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен және Кувейттің Тақ мұрагері шейх Мешаль әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабахпен кездесу өткізді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз