Ұшқыштар даярлайтын ЖОО үміткерлерді іріктеп жатыр

0
113

Ақтөбеде Әуе қорғаныс күштерінің институтында 21 шілде – 8 тамыз аралығында жергілікті әскери басқару органдарына өтініш берген талапкерлер іріктеуден өтеді.

Оқу орны «мемлекеттік авиациядағы әуе кемелерін ұшуға пайдалану», «авиациялық техника және технологиялар», «ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды пайдалану», «әскери медицина», «әскери істегі теңіз техникасы және технологиялары» мамандықтары бойынша даярлайды.

Оқу орнына іріктеу барысында талапкерлер кәсіби-психологиялық іріктеуден, медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы жөніндегі нормативтерді тапсырады.

Биылғы жылы институт қазақстандықтар үшін 215 орын, Ресей, Армения және қытай әскери оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін 28 орын бөліп отыр. Бұдан басқа, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрлар даярлау туралы келісімге сәйкес оқу орны Тәжікстан Қарулы күштерінің өкілдеріне 6 орын береді.

Қазақстанда әскери мамандарды даярлау Алматыдағы екі  жоғары оқу орнында – армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің әскери институтында және Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, сондай-ақ  Ақтөбедегі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында жүзеге асырылатынын айта кеткен жөн.

Бұл оқу орындарында тактикалық буын командирлері дайындалады. Білім алып шыққан түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз