Референдум нәтижесі жарияланды

0
289
Photo: Inform.kz

Орталық референдум комиссиясы 5 маусымда өткен Қазақстан Конституциясына өзгертулер мен толықтыруларға қатысты референдум қорытындысын жариялады. Нәтижені  Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров оқып берді.

ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

“Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 11 734 642 адамды құрады. 5 маусымдағы референдумға дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 7 985 769 немесе референдумға қатысушы азаматтар санының 68,05 пайызын құрады. Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, – деді Нұрлан Әбдіров.

Әбдіровтың сөзіне қарағанда, референдумға шығарылған Конституциға өзгертулер республикалық маңызы бар қалалар мен елорданың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

“Өңірлерде дауыс беруге қатысқан азматтардың 77,6 пайызы немесе 6 млн 516 мың адам Конституциялық түзетулерді жақтап дауыс берді. Бұл аймақтардағы абсолютті көпшілікті құрайды. Конституцияға қарсы дауыс берген адам саны 18,66 пайыз. Осылайша, референдум туралы заң бойынша елдің негізгі заңына өзгерістер енгізілді деп есептеледі. Оны актілермен қосымша растау талап етілмеді. Ол ресми хабар жарияланған күні күшіне енеді”, – деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз