Ресей Байқоңырдан Иран спутнигін ұшырды

0
216
"Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыру сәті. Байқоңыр ғарыш айлағы. 9 тамыз 2022 жыл. Photo: aussiedlerbote.de

9 тамыз күні Ресейдің “Союз-2.1б” зымыран тасығышы Иран спутнигін орбитаға алып шықты. 

Иранның “Хайям” спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан Нұр-Сұлтан уақытымен 11:52-де ұшырылған. Ресейдің “Роскосмос” компаниясы youTube-арнасынан тікелей трансляция жүргізген.

Бір апта бұрын Американың Washington Post газеті АҚШ Ресей мен Иранның ғарыш саласындағы ынтымақтастығына алаңдайтынын, “спутник Ресейге Украина мәселесі бойынша ғана көмектеспей, Иранның Израиль мен Таяу Шығысты әскери мақсатта бақылауына бұрын-соңды болмаған мүмкіндік туғызады” деп қауіптенетінін жазған еді.

Иран билігі бұл спутник тек ғылыми мақсатқа, ауыл шаруашылығына байланысты табиғат радиациясын бақылауға арналғанын, спутник жинаған ақпаратты ешбір өзге ел ала алмайтынын мәлімдеген.

Ресей биыл ақпанда Украинаға басып кірген соң Иранмен байланысын тереңдете түскен.

Шілдеде президент Владимир Путин Иранғаа барған. Бұл — оның Украинаға басып кіргелі постсоветтік елдер шегінен алғаш рет сыртқа сапарлағаны.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз