Шахмат олимпиадасы: Қазақстан әйелдер құрамасы 5-орын алды

0
274
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева. Photo: The Astana Times

Ченнаида (Үндістан) өткен 44-шахмат олимпиадасында әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 5-орыннан көрінді. Қазақстан ерлер құрамасы бұл жарыстаа 18-орын алды. 

Әйелдер арасындағы жарыста 5-орын алған Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиада кезінде 11 ойын өткізіп, Гватемала, Бельгия, Перу, Куба, Вьетнам, Словакия, Болгария, Үндістанның екінші құрамасын жеңді, Моңғолиямен тең түсіп, Әзербайжан және Үндістанның бірінші құрамасынан жеңілді.

Қазақстан әйелдер құрамасы сапында олимпиадада рапидтен әлем чемпионы Бибісара Асаубаева, гроссмейстер Жансая Әбдумәлік, Ксения Балабаева, Гүлісхан Нахбаева, Назерке Нұрғали ойнады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз