Білім грантын тағайындау жөніндегі комиссия жұмысын аяқтады

0
343
Photo: Inform.kz

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Білім гранты иегерлерінің тізімі 10 тамызда жарияланады. Бұл жөнінде Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Оның құрамына министрліктің, мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы, бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның азаматтық альянсы және қоғамдық ұйым өкілдері кіреді. Талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалады. 

Биыл билік халықтың әлеуметтік осал топтарына бөлінетін гранттар саны көбейткен. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар грант алуда басым мүмкіндікке ие болды. Сондай-ақ, ауыл балалары және ҚР азаматтығы жоқ ұлты қазақ азаматтар үшін де квоталар көзделген. 

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 80 мыңға жуық өтінім түскен. Комиссия құжаттарды 13-22 шілде аралығында қабылдады.

Конкурстық iрiктеудiң қорытындысы ҚР Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiнің ресми Telegram каналында және республикалық БАҚ беттерiнде жарияланады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз