Рим мен Вашингтон ынтымақтастықты күшейтуде

0
68
дереккөзден

Жаһандық кикілжіңдерді шешуде өзара ынтымақтастық және Атлантиканың екі тарабынан да экономикалық өркендеуге жол ашу. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамп пен итальян кабинетінің басшысы Джузеппе Контенің күн тәртібінде басты талқылаған тақырыптары.

Бірлескен баспасөз конференциясы барысында сөз алған Ақ үй басшысы Рим мен Вашингтон бірінші кезекте қауіпсіздік мәселесіне басшылыққа алатындарын алға тартты, деп жазады Euronews.

Конте өз кезегінде Италия Еуропада үлкен мәнге ие болып келе жатқанын атап, АҚШ-тың тартымды серіктесі екенін де тілге тиек етті. “Әсіресе Жерорта теңізі аймағындағы дағдарыс және лаңкестікпен күресуде, соның ішінде Ливиядағы жағдайда тартымды серіктеспіз”, – дейді Конте.

Жаһандық мәселелер тұрғысында сөз алған Трамп пен Конте Иранға ядролық қаруды қолдануда жол бермеу қажеттігін бір ауыздан алға тартты. Сондай-ақ, Трамп Иран тарабы тілектестік білдірсе, Хасан Роуханимен кездесуге дайын екендігін атады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз