Трамптың жаңа бастамасы

0
82
дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран басшылығымен кездесуге әзір екендігін мәлімдеді.

Euronews таратқан ақпарға сәйкес, Ақ үй басшысы Иран ядролық  мәмілесін мағынасыз болғандықтан тәрк еткендігін алға тартып, Иран басшылығы бәрібір де келіссөздер үстеліне жайғаса алатындығын атады.

Ал өз кезегінде Иран Трамптың бастамасына АҚШ басшылығымен кездесу үшін Иранмен жасалған ядролық мәмілені орындайтындарына кепілдік беруі қажет деп жауап қайырды. Бұл туралы 30 шілдеде Иран басшысының кеңесшісі Хамид Әбуталеби өзінің Twitter парақшасында мәлім етті.

Бұған дейін АҚШ басшысы мен Иран басшысы өзара кикілжіңге келген еді.  Д. Трамп өзінің Twitter парақшасында оқиға әрі қарай ушыға беретін болса, Иран ірі мәселелерге ұрынады деп сес көрсеткен еді.

Иран тарабы да қарап қалмай, жауап қайырды. Иран басшысы Х. Роухани АҚШ үлкен кикілжіңге ұрынады деп соғыспен сес көрсетті.

АҚШ тарабы Иран АҚШ-қа санкция салатын болса, өздерінің “бір тамшы мұнайларын да сата алмайды”, – деп мәлімдеді.


Иран Ислам Республикасы және халықаралық мәмілегер «алтылық» (Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Франция, Германия) 2015 жылдың 14 шілдесінде Иран атомының ұзақ мерзімді мәселесін реттеу туралы тарихи келісімге қол жеткізді: Бірлескен іс-қимыл жоспары қабылданды, мәмілеге сәйкес, бұған дейін Иранға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі, АҚШ және Еуроодақ тарапынан салынған экономикалық және қаржылық санкциялар алынып тасталады. Есесіне, Иран өзінің атом бағдарламасын халықаралық қатаң бақылауға қоюы міндеттелді.

АҚШ президенті Д. Трамп 12 мамырда Бірлескен іс-қимыл жоспарын Құрама штаттардың тәрк ететіндігін мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз