Әшімбаев сенат төрағасы ретінде алғашқы отырысын өткізді

0
118
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев. Photo: parlam.kz

4 мамырда жоғарғы палата төрағалығына сайланған Мәулен Әшімбаев бүгін алғашқы отырысын өткізді. Ол президент ұсынған даму стратегиясын заңнамалық тұрғыда сапалы әрі уақытылы қамтамасыз етілуі керек екенін айтты.

“Мемлекет басшысы 4 мамырда Сенатта сөйлеген сөзінде палатаның ең басты міндеті – сапалы заңдар қабылдау екенін атап өтті. Осы бағытта бірлесіп нәтижелі жұмы істейміз деп сенемін”, – деді Әшімбаев.

Сенат “Бейбіт жиын туралы” заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Жоғарғы палатаның бүгінгі отырысында депутаттар “Бейбіт жиын өткізу туралы” заң жобасын екінші оқылымда қарап, бірқатар түзетулер енгізіп, жобаны мәжіліске қайтарды.

Заң жобасы туралы баяндама жасаған сенат депутаты жобадағы алты бапқа байланысты 16 ұсыныс жасап, депутаттардың бәрі ұсынысты қолдады.Олардың арасында бейбіт жиын кезінде маска тағу сияқты қорғаныш құралдарын қолдануға рұқсат беру, митинг орындарын көпшілікке көрінетін орталықтарда ұйымдастыру және митинг өткізетін орындардың санын үшке дейін жеткізу сияқты ұсыныстар бар.

Бұған қоса, депутаттар жиын ұйымдастырушысы немесе оған қатысушы заң талаптарын бұзса, олардың бейбіт жиынға қатысуына тыйым салынатыны туралы түзету енгізді. Егер олар заң бұзуды тоқтатса, бейбіт жиын жалғасады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз