Сыртқы істер министрлігінде кадрлық ауыc-түйіс жасалды

0
184
Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Photo: Telegram / MFA Qazaqstan

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ержан Қазыханов Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатылып, Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болып тағайындалды.

Ақорда хабарлауынша, Қазыхановтың орнына сыртқы істер вице- министрі Ержан Ашықбаев тағайындалған. 5 наурызда оның да вице-министр қызметінен босатылып, Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі болғаны жайлы жарлық ресми сайтта жарияланды. Ал Қазақстанның Пәкістандағы елшісі Ақан Рахметуллин сыртқы істер вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін жергілікті БАҚ президент әкімшілігінде халықаралық әріптестікке жауапты жаңа қызметтің пайда болатынын хабарлаған. Құжатта арнаулы өкілдің негізгі міндетіне: саяси, экономикалық, гуманитарлық және экологиялық сала бойынша халықаралық қауымдастықпен байланысты нығайту, Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен президент бастамаларын алға жылжыту және өзге міндеттер кіреді деп жазылған. Арнаулы өкілдің міндетіне сонымен бірге Тоқаевтың саясат және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларын түсіндіру де кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз