Тоқаев Ауғанстан бойынша БҰҰ өкілімен кездесті

0
198
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лайонс. Photo: Akorda.kz

1 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкілі және Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі БҰҰ миссиясының басшысы Дебора Лайонспен кездесті.

Оқи отырыңыз: Еуроодақ және Орталық Азия өкілдері Ауғанстандағы ахуалды талқылады

Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігер аясында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланған.

Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру салалары бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.

Дебора Лайонс мемлекет басшысына Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілдерінің кеше Алматыда өткен екінші кездесуінің қорытындысы, сондай-ақ UNAMA кеңсесінің Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қабылдаған шаралары жөнінде мәлімет берген.

БҰҰ өкілі осы ұйымның Ауғанстандағы миссиясының қызметіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтты.

Келісімге сәйкес UNAMA-ның уақытша қашықтағы кеңсесі Алматыда орналасатын болады. Жақында Қазақстандағы аталған миссияның мәртебесі туралы келісімге қол қойылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз