Футбол: Аргентина жаңа турнирдің алғашқы чемпионы атанды

0
136
photo: tele-sport.ru

1 маусым түнде UEFA* мен CONMEBOL* ұйымдастыратын бәсекелердің қазіргі жеңімпаздары, Италия мен Аргентина арасында жаңа кубок ойыны ұйымдастырылып, алғашқы жүлдегер аргентиналықтар атанды. Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлады.

Жаңа турнирдің аты – Финалиссима. Бұл турнир 2021 жылдың 15 желтоқсанында бекітілген. Оған Еуропа чемпионы мен Америка кубогының жеңімпазы қатысады. Бұл турнир әзірге тек 2028 жылға дейін ұйымдастырылады.

Италия мен Аргентина арасындағы матч Лондондағы “Уэмбли” стадионында 3:0 есебімен аргентиналықтардың жеңісімен аяқталды. Ойынның 28 минутында Лаутаро Мартинес, бірінші таймның аяғында Ди Мария және соңғы голды екінші таймның аяғында Пауло Дибала соқты.

Финалиссима, фото: ukrinform.ru

Естеріңізге сала кетейік, әлемдегі пандемияға байланысты Еуро-2020 турнирі 2021 жылдың жазына шегерілген болатын. Осы бәсекеде Италия жеңімпаз атанды. Ал, 2021 жылғы Америка кубогының жеңімпазы Аргентина болды.

UEFA* – Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы
CONMEBOL* – Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз