Қ. Тоқаев Аустрия, Швейцария және Сингапурда елшілер тағайындады

0
209
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Photo: Bort #1

21 қазанда мемлекет басшысы Аустрия, Швейцария және Сингапурда елшілер тағайындады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Аустриядағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды.

“Ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанның, Родос және Мальтаның егеменді әскери госпитальерлері Орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды”, – делінген хабарламада.

Бұдан бөлек Қайрат Асаниязұлы Саржанов Швейцария Конфедерациясында төтенше және өкілетті елші, ал Асқар Сейдахметұлы Құттықадам Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз