Жаңадан сайланған Ұлыбритания премьер-министрі қызметінен кететінін жариялады

0
146
фото: gazeta.uz

Лиз Трасс Тори партиясының жетекшісі қызметінен кететінін жариялады. Ол өз орнына кандидат келгенге дейін премьер-министр қызметін жалғастырады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

“Консервативтік партияның жаңа көшбасшысын және премьер-министрді сайлау келесі аптада өтеді. Британ оппозициясының жетекшісі, лейбористер партиясының төрағасы Кир Стармер елде мерзімінен бұрын сайлау өткізу қажеттігін тағы да айтты”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 47 жастағы Л.Трасс Тори партиясының қайраткері. Ұлыбритания премьер-министрі лауазымына биылғы қыркүйек айының басында ғана сайланған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз