Тоқаев Ұлыбритания патшайымының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

0
226
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінде көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Photo: Akorda.kz

9 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елизавета ІІ патшайымның қазасына байланысты Ұлыбритания патшасы Карл ІІІ атына көңіл айту хатын жолдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

“Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Карл ІІІ патшаның, корольдік отбасы мен барлық британдықтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтты” деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Қазақстан президенті “елді 70 жыл бойы басқарған Елизавета ІІ патшайымның аса көрнекті көшбасшы, ұлы британ халқының бірлігі мен табандылығының символы болғанын” атап өткен.

Тоқаев жұмада Нұр-Сұлтандағы Ұлыбритания елшілігіне барып көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Photo: Akorda.kz

Бұған дейін әлемдік лидерлер Елизавета ІІ патшайымның қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан еді.

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ 8 қыркүйекте Шотландиядағы Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды. Ол 1952 жылы 6 ақпанда таққа отырған еді. Елизавета – Ұлыбритания тарихында тақта ең ұзақ отырған монарх. Ол 70 жыл патшайым болды. Енді елдің жаңа патшасы оның үлкен ұлы 73 жастағы Чарльз (Карль ІІІ) болады. Оны 10 қыркүйекте патша деп жариялайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз