Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының басшысы сайланды

0
149
Исламбек Салжанов, фото: тг/ Mast news

Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығының жаңа президенті болып Altyn Qyran Foundation қоғамдық қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов сайланды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Мast news телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы қауымдастық құрылтайшыларының онлайн және офлайн форматта өткен жиналысы барысында белгілі болды. Айта кетейік, Қазақ ұлттық спорт түрлері қауымдастығы көкпар, аударыспақ, бәйге, жамбы ату, теңге ілу, тоғызқұмалақ және т.б. спорт түрлерін біріктіреді. Бұған дейін ұйымды Бекболат Тілеухан басқарған болатын.

Тәуелсіздік жылдарында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және дамыту бағытында айтарлықтай жұмыс атқарылды. Жарыстар республикалық және халықаралық деңгейде өткізілді, қажетті инфрақұрылым пайда болды. Бүгінде Қауымдастық алдында жаңа міндеттер тұр, оларға қол жеткізу үшін барлық тараптардың күш-жігерін біріктіру қажет”, – деді жиын барысында мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз