Тоқаев Орталық Азия елдері басшыларының кездесуіне қатысты

0
573

6 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркіменстанда өтіп жатқан Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесуіне қатысты. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен Түрікменбашы қаласындағы «Аваза» ұлттық туристік аймағындағы кездесуден басталды.

Аталмыш кездесу Орталық Азия мемлекеттері басшыларының осымен үшінші консультативтік кездесуі болып табылады.

Президенттің айтуынша, әлем елдері күрделі кезеңді бастан өткеріп жатыр. Ауғанстандағы қазіргі жағдай ерекше алаңдатып отыр. Коронавирус індеті жағдайды одан сайын ушықтыруда. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа кезеңде Орталық Азияда тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақ елдері бірлесіп әрекет етуі тиіс деп санайды.

Консультативтік кеңесте, сондай-ақ, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, БҰҰ бас хатшысының Орталық Азиядағы арнайы өкілі Наталья Герман сөз сөйледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз