Apple компаниясы суреттермен бірге хабарламаларды да тексере бастайды

0
124
Сурет: arstechnica.com

Apple компаниясы iOS және iPad OS құрылғыларына балаларға жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың таралуын шектеу мақсатында суреттерді тексеру бағдарламасын қосады. Бұл туралы Apple компаниясының ресми сайты хабарлады.

Компанияның жаңа технологиясы iCloud фотосуреттерінде сақталған балаларға қатысты зорлық-зомбылық көріністері бар тыйым салынған материалдарды анықтауға мүмкіндік береді. Егер мұндай белгілер табылған жағдайда, Apple құқық қорғау органдарына бұл туралы ақпарат береді.

Күмәнді фотосуреттерден басқа, iOS хабарламалардың мазмұнын бақылайды. Хабарламаларды автоматтандырылған жүйенің оқуы арқылы балалар мен олардың ата-аналарына жыныстық сипаттағы фотосуреттер мен сілтемелерді алу немесе жіберу жағдайы туралы ескертеді.

Бұдан бөлек, Siri дауыстық көмекшісі және “іздеу” функциясы арқылы пайдаланушы балалардың жыныстық зорлық-зомбылық туралы материалдарға қатысты тақырыптарды іздей бастаса, жүйе пайдаланушыға осы тақырыпқа қызығушылық зиянды және қауіпті екенін ескертеді.

Бұл функция iPhone және iPad-та iOS 15 шыққаннан кейін, яғни 2021 жылдың күзінен бастап жаңа құрылғыларда жұмыс істей бастайды. Әзірге алдын-алу цензурасы тек АҚШ-та жұмыс істейді, бірақ компания бұл тәжірибені басқа да аймақтарға таратуға ниетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз