Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды

0
200
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақтан түсіп жатыр.

24 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға барды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Борт N1 телеграм арнасына сілтеме жасап.


Баку әуежайында Қазақстан президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.

Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз