Тоқаев Самат Әбішті қызметінен босатты

0
83
Самат Әбіш.

17 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбішті лауазымынан босатты. 

40 жастағы Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2010 жылдан бастап жұмыс істейтін Самат Әбіш күш құрылымдарындағы салмағы жоғары адамдардың бірі саналатын.

6 қаңтарда кей телеграм-арналар ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіштің ұсталғанын хабарлап, артынша ақпаратты жоққа шығарған.

14 қаңтарда ҰҚК баспасөз қызметі Самат Әбіштің жыл сайынғы еңбек демалысында екенін хабарлаған.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бастығы болған Кәрім Мәсімов 6 қаңтар күні жұмыстан босатылып, екі күннен кейін ұсталды. Ол “мемлекетке сатқындық жасау”, “қызметін асыра пайдалану”, “билікті күшпен басып алу” істері бойынша күдікке ілініп отыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз