Трамп пен Ердоған кездесуге уағдаласты

0
88
дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен АҚШ басшысы Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесу барысында Ақ үй басшысы түрік әріптесін 24 маусымда өткен президент сайлауында жеткен жеңісімен құттықтап, қос мемлекет басшылары Брюсселде 11-12 шілдеде өтетін НАТО саммитінде жүздесуге уағдаласты, деп хабарлайды түрік басшысының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Трамп пен Ердоған алдағы екіжақты ынтымақтастықты әрі қарай да тереңірек дамытуға, әсіресе өнеркәсіп пен қорғаныс саласына баса назар аударуға ниет білдірді. Қос мемлекет басшысы лаңкестікпен күресте Сириядағы Манбидждің «жол картасын» жүзеге асыру бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз